Приветствую Вас, Гость
Главная » Математика

«Бір айнылысы бар сызықтық теңдеу.»математика 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Бір айнылысы бар сызықтық теңдеу.»
Сабақтың мақсаты: - бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді
ықшамдауды, шешуді үйренуге және білуге тиіс;
оқушылардың білімдерін жүйелеу;
оқушылардың ойлау, логикалық ойлау қабілеттерін, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру;
пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ұйымшылыққа, ұқыптылыққа және дәлдікке тәрбелеу;
білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
Мотивациялық кіріспе
а) Бүгін Желтоқсанның 25. Алдымызда Жаңа Жыл келе жатыр. Жаңа Жыл баршамызға жақсылық, аманшылық, зор деңсаулық әкелсін, оқушыларға жақсы бағамен оқу жылың аяқтауын тілеймін. Енді оқушылар, бір-біріне қарап күлімдеп сәттілік тілеңдер.
ә) Бүгінгі сабағымыз өте күрделі, сабақта қонақтар отыр. Сондықтан мен сендердең сабыр сақтап, саспай, қойған сұрақтарға ойлап, асықпай жауап беру - теқ ғана қолдарынды көтеріп, шуламайларынды өтінемін.

Сабақтың тақырыбы «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу.» Сендердің мақсаттарын: - өткен сабақтарда алған білімдеріңді қалай қолданасыңдар және логикалық ойлау қабілеттерінді көрсетіп берілген сызықтық теңдеулерді қалай шешесіңдер.
Сабағымыз 7 этаптан тұрады:
1) Cергіту сәті
2) «Шығармашылық» - ауызша жұмыс және үй тапсырмасын тексеру
3) Теңдеудің шешу алгоритмі бойынша берілген теңдеулерді шешу
4) Дифференциалдық деңгей ( өзіндік жұмысы)
5) Сабақты қорытыңдыламыз
6) Үй тапсырмасы
7) Өздеріңдерінің бүгінгі сабаққа көз қарастарыңды жеке карточкаға белгілеу

Құрметті оқушылар, алдарындағы ребусты шешіп алсаңдар, бүгінгі сабағымыздың ұраның біле отырасыңдар.
(жауабы: «Еріншектің ертені бітпес.»)

2.Бұрынғы өткен білім дағдыларын қалыптастыру «Сергіту сәті»
Сұрақтарға жауап беру!
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің қандай түрі болады?
[ах=в х-айнымалы, а және в – қандай да бір сан]
а және в мәндеріне қатысты теңдеудің неше түбірлері болады?
А) егер а≠0, х=в/a – бір ғана түбірі болады
Ә) егер а=0, в≠0 болса, 0 х=в – теңдеудің түбірі болмайды
Б) егер а=0, в=0 болса, 0 х=0 – шексіз көп түбірі болады
Енді экранға назар аударыңдар, жауаптарларын дұрыс па, әлде жоқ па?
[экранда ереже]
Келесі тапсырма: осы үш түбірлерге қатысты мысалдар келтіріңдер.

3.Ауызша тапсырманы орындау «Шығармашылық» және үй тапсырмасын тақтаға жазып беру.
Бір оқушы тақтада орындайды. х/3+4=5/6 х+1
Алдарында кесте және теңдеулер берілген. Теңдеулердің түбірлерін тауып, әріптерден бір сөз құрастырыңдар.

5х=-10 2) 2х-5=х-1 3) -6х=-18 4) х-0,6=1,4 5) -8х=40 6) -6х=-36
У Е Д Ң Т Е
6 4 2 3 -2 -5

4. Енді теңдеудің шешу алгоритмін қайталайық.
Экранға назар аударамыз!

Теңдеуді шешу алгоритмі Теңдеуді шешу:
16х + 9 = 14х +15
Айнымалысы бар мүшелерді теңдеудің бір жағына, бос мүшелерді теңдеудің екінші ағына жинақтаймыз.
16х – 14х = 15 - 9
Ұқсас қосылғыштарды біріктіреміз 2х = 6
Теңдеудің екі жағын да х-тің коэффициентіне бөлеміз. х= 6: 2
х=3

Осы алгоритмға сүйене отырып мына теңдеудің қателерін дұрыстау керек!
3х – (12 - х)=4(5 - х)
3х – 12 + х =20 – х
4х – 12=20 – х
4х + х=20 + 12
5х = 32
Х = 6,4
5. Өзіндік жұмысы (флипчарт)
Тақтада үш вариант теңдеулер берілген. «3», «4», «5» бағаларға қатысты. Өз қабілеттерімен теңдеулерді таңдап, жеке парақтарға шығарындар. Теңдеудің шешімі дұрыс болса, онда алдарындағы кестеде сол теңдеуді, сол варианттағы торкөзді, сол түспен бояусыңдар. Ал егер теңдеудің шешімі дұрыс болмаса, онда оны немесе басқа теңдеуді тандап шығарасыңдар.
«3» -жасыл «4»- көк «5» - қызыл
-9х +32=7х у-5,4у+6у-8=0 3(8-х)+9=6(2х-7)
5а+15=4а+20 1,3а + 0,8 = 0,7а – 1 8+(2х-3)=30+2х
19-(х+5)=6 3с – 6= 2с – (6 - с) 5х -3(х+2)=5х+6

Ал кім ерте болады, мына берілген теңдеулердің қателерін тауып алу керек.
6у-(у-1)=2(2у-4) 2) 6у-(у-1)=2(2у-4) 3) 6у-(у-1)=2(2у-4)
6у-у-1=4у-8 6у-у+1=4у-8 6у-у+1=4у-4
5у-1=4у-8 5у+1=4у-8 5у+1=4у-4
5у-4у=-8+1 5у-4у=-8+1 5у-4у=-4-1
у=-7 у=-7 у=-5

7/9 х+1 1/3=3х-2 5) 4х+3=3(х+5) 6) 6х-7=х+3
- 7/9 х-3х=-2-1 1/█(3@) 4х+3=3х+3 6х+х=3+7
-37/9 х=-3 1/3 4х-3х=3-3 7х=10
х=10/3*34/9 х=0 х=10/7=13/7
х=340/27

6. Cабақты қорытындылау.
Мына боялған кесте бойынша, біз әр оқушының қандай бағаға осы тақырыпты білетінің аңықтаймыз. Сабақтан өздеріне қандай жақсы әрекеттер алдыңыздар? Несі қиын, оңай болды?

7. Үй тапсырмасы: Үш теңдеудің түбіріне қатысты үш мысалы құрастырып келесі сабаққа шешіп әкеліңдер.

8. Психикалық ойлауы (рефлексиясы)

Алдарындағы смайликтерді сызып бүгінгі сабақта қандай көңілде болғандарынды көрсетуге болады.
Сабаққа қатысқандар үшін көп рахмет, сау болыңдар!
Категория: Математика | Добавил: aika (24.01.2015) | Автор: Айшолпан
Просмотров: 3212 | Рейтинг: 4.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]